Алматыда қыздар арасында Құран жарысы басталды

Алматыда өткен республикалық құран жарысы. Алматы, 29 мамыр 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Алматыда мамырдың 5-6 күндері Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш рет республикалық жарыс өтіп жатыр. Жүлде қоры 3 миллион 500 мың теңгені құрайтын жарыс Құранның 1, 2, 3, 5, 10-паралары бойынша өтуде.
Нұр-Мүбәрак атындағы медреседе алғаш рет өтіп жатқан жарысқа Қазақстаннның түкпір-түкпірінен 150-ге жуық қатысушылар келген. Жарысқа қатысушылардың ең үлкені 54, ал ең кішісі 7 жаста.

Он пара жаттау бойынша жарыста жеңімпаз болған адамға 450 мың теңге жүлде тағайындалса, бір пара жаттағандар арасында бас жүлде алған адамға 70 мың теңге тігілген.