Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекараға жақын Идлиб провинциясында босқындар лагері бомбаланып, 28 адам қаза тапты.
Ұлыбританияда орналасқан сириялық құқық қорғаушылардың хабарлауынша, әуе шабуылдары 5 мамыр күні Идлибтегі Сармада пунктіне жасалған. Әзірге әуе соққыларын кім жасағаны белгісіз.
Сириялық оппозицияны қолдайтын жергілікті үйлестіру комитеттерінің мәліметінше, әуе шабуылынан соң лагерде өрт шыққан. Комитеттің әлеуметтік желілерге жариялаған суреттерінде оннан астам шатырдың өртеніп жатқаны көрінеді.