Польшада Холокост құрбандарын еске алды

Бұрынғы Аушвиц-Биркенау концлагеріндегі Холокост құрбандарын еске алуға арналған марш. Польша, 5 мамыр 2016 жыл.

Польшадағы бұрынғы Аушвиц-Биркенау (Освенцим) концлагерінде 5 мамырда Холокост құрбандарын еске алуға арналған марш өтті. 25-рет өткен "Тірілер маршына" 10 мыңға тарта жас еврей мен поляк ұлтының өкілдері қатысты. Маршқа қатысқандар Arbeit macht frei (мағынасы - "Еңбек азат етеді") деген жазуы бар ұстап Аушвиц концлагерінен Аушвиц-2 Биркенау лагеріне дейінгі аралықта үш километрді жүріп өтті.

"Тірілер маршы" 1988 жылдан бері Холокост құрбандарын еске алу күні - варшавалық геттода көтеріліс басталған күнге байланысты өткізіліп келеді. Биылғы марш Үшінші рейхтағы қылмыстарға жауапты нацистер жетекшілері сотталған Нюрнберг процесі аяқталғаннан 70 жылдан соң өтіп отыр.

Аушвиц-Биркенау лагерінде гитлершіл нацистер бір миллион бір жүз мыңнан артық адамды қырған. Олардың 960 мыңы - Венгрия мен Польша еврейлері, поляктар, сығандар мен совет әскери тұтқындары.