Қазақстан мен Қытай бірқатар келісімдерге қол қойған

ШҰАА партия комитеті хатшысы Чжан Чуньсянь (сол жақта) және Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев (оң жақта). Астана, 3 мамыр 2016 жыл.

Қазақстан мен Қытай екі миллиард доллардың келісімдеріне қол қойды. Бұл келісімдерге Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) басшысының Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған деп хабарлады бейсенбіде Қытай басылымдары.

Қытайдың Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан мен Тәжікстанмен шекаралас әрі мазасыз аймағы - Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы Пекиннің көршілес және шеткері елдермен сауда және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі «Бір белдеу - бір жол» деген атпен белгілі стратегиясының маңызды бөлігі саналады.

Қазақстанға сапары кезінде ШҰАА партия комитеті хатшысы Чжан Чуньсяньнің жаңадан құрылатын «Жібек жолы» ШҰАА мен Қазақстанға тиімді деп мәлімдегені туралы хабарланды. Қытай баспасөзінің хабарлауынша, Чжан Чуньсянь екі миллиард доллардан астам соманың энергетика, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп жобаларына қол қоюға басшылық жасаған.

Қытайдың Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы үш округте 1,5 миллионға жуық этникалық қазақ, 250 мың қырғыз және 200 мыңдай тәжік тұрады.