Советтік андеграунд
Сәнқойлар 60-жылдары танымал болды, бірақ оларды 1980-жылдардың соңында да кездестіруге болатын.
Суретте - биге дайындалып жатқан жастар.
Мәскеудегі (Арбат) би. 1988 жыл.
1981 жылы шыққан "Карнавал" фильмінен кейін жастар арасында "роллерлер" пайда болды. Мәскеуде олар негізінен ВДНХ маңында жүретін. Суретте - роллерлер (1990 жыл).
Суретте - рок-н-ролл тыңдайтын жастар. (1988 жыл)
Совет заманында пайда болған жастар арасындағы ағымның бірі - рокерлер еді.
Суретте - рокерлер тобы. (1991 жыл)
СССР тұсында "рокер" деп музыканттарды ғана емес, мотоциклистерді де атай беретін. "Байкер" сөзі СССР тараған соң ғана келді.
Суретте - байкер қыз. (1988 жыл)
Екі панктің бұл фотографиясы "Бастер мен Укроп. Нигерия елшілігін қоршауға бірнеше минут қалды" деп аталады. 1980-жылдары бұл суретті Ярослав Маев түсірген. Советтік андеграунд фотокөрмесіне фото "80-жылдардың хулигандары" деген атаумен қойылды.
Ресейде панктер 1970-жылдары пайда бола бастаған, бірақ біртұтас "ресми" стиль жасай алмады. Туып-өскен аймақтарына, кезеңдеріне қарай олардың көзқарастары да, мақсаттары да әртүрлі болды.
Суретте – "Антиспид" көркем-саяси акциясына келген жастар. (1990 жыл)
Суретте - ресейлік панктер Мәскеу көшелерінің бірінде отыр. (1987 жыл)
Рок концертіне келген жас. 1991 жыл.
Мәскеудегі байкерлер. 1987 жыл.
Мәскеу көшесінде ұйықтап жатқан байкер. 1990 жыл.