Бүгін Астанада жер мәселесі бойынша үкімет жанынан құрылған комиссия отырысы басталды. Ұлттық мұражайда жұмысын бастаған комиссияға төрағалық етуші премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бұл комиссия «жерге қатысты дауласу үшін емес, бірлесіп шешім қабылдау» үшін жиналып отырғанын айтты.
Бұған дейін премьер-министр Кәрім Мәсімов қаулысымен құрамына 75 адам – парламент депутаттары, үкімет мүшелері, саяси партиялар мен агробизнес, салалық қауымдастықтар өкілдері, ғалымдар мен қоғам белсенділері енген комиссия құрылған. Комиссияның бүгінгі отырысына оның құрамына енген адамдардың басым көпшілігі қатысып отыр. Атырауда 24 сәуірде жер мәселесі бойынша өткен қарсылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі белсенді Макс Боқаев бірқатар талаптары орындалмайынша бұл комиссияның отырысына қатысудан бас тартқан. Ол ең әуелі жер кодексіне енгізілген өзгертулерге қарсылық білдірген азаматтарға қысым жасауды доғаруды талап еткен.
Жер реформасы жөніндегі комиссия жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгерістің күшіне енуіне Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 мамыр күні мораторий жариялаған соң құрылған. Мораторий Қазақстанның бірнеше аймағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсы шерулер өткен соң енгізілген.
"Жер комиссиясының" алғашқы отырысынан видео:
Your browser doesn’t support HTML5