АҚШ-та гей екенін ашық айтқан адам алғаш рет армия министрі болды

Эрик Фэннинг сенатта өзінің армия министрі қызметіне кандидатурасын талқылау кезінде.

АҚШ конгресінің сенаты армия министрі қызметіне өзінің жыныстық азшылық өкілі екенін жасырмайтын Эрик Фэннингті бекітті. Фэннинг АҚШ қарулы күштеріндегі ең жоғары лауазымды қызметтердің бірін иеленген алғашқы жыныстық азшылық өкілі атанып отыр.

Соңғы бірнеше жылда Фэннинг АҚШ қорғаныс министрлігінде жоғары лауазымды қызметтер атқарды, оның ішінде қорғаныс министрінің орынбасары болды. Оны армия министрі етіп бекітілгенін ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер) қозғалысының өкілдері маңызды хабар деп қабылдады. "Эрик Фэннингтің армия министрі қызметіне бекітілуі - қарулы күштеріміздегі әділдік пен теңдікке қарай жақындап бара жатқанымызды көрсетеді" деп мәлімдеді Human Rights Campaign құқық қорғау ұйымының президенті Чад Гриффин. Сенаттың бұл шешімін көптеген ықпалды сенаторлар қолдады.