Назарбаев Лагардпен кездесті

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының директоры.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада бүгін Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагардпен кездесіп, Қазақстан мен осы ұйым арасындағы ынтымақтастықты талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Назарбаев пен Лагард әлемдік қаржы-экономикалық жүйе дамуындағы басты ағымдарды да талқылаған.

Назарбаев Қазақстан ХВҚ-мен тәуелсіздік алған жылдан бастап байланыс орнатқанын айтқан. Оның сөзінше, Қазақстан қазір әлемдік экономика сияқты қиын жағдайға тап болып отыр.

Кристин Лагард ХВҚ Қазақстанда экономика салада, индустриалдық және инфрақұрылымдық салаларда жасалып жатқан реформаларды қолдайтынын айтқан.

Лагард Астанаға Астана экономикалық форумы қарсаңында ХВҚ-ның аймақтық форумына қытсуға келген.