Беларустьтің бұрынғы президенті Станислав Шушкевичке "рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны" үшін айыппұл салынды. 24 мамырда Минскінің Центральный аудандық соты Шушкевичкті "заңсыз митингіге қатысты" деп айыптап, 320 доллар көлемінде айыппұл салды.
81 жастағы Шушкевич 15 мамырда Минскіде Янка Купала паркінде өткен жергілікті бірнеше оппозициялық топ бірлестігі - Беларусь ұлттық конгресінің митингісіне қатысқан.
Шушкевич Беларусьті ел тәуелсіздік алған 1991 жылдан 1994 жылға дейін басқарған. Ол Беларусьтің қазіргі президенті Александр Лукашенконы ашық сынайды.