Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп өзінің Республикашыл партия атынан қарашада өтетін президент сайлауына үміткер етіп ұсынуға қажетті дауысты жинаған. Огайо штатының Кливленд қаласында өткен партия құрылтайында республикашыл бір топ делегат агенттік журналистеріне Трамптың үміткерлігін қолдауға ниетті екендігін растаған. Олардың қолдауының арқасында Трамп үміткер болып ұсынылуға қажетті 1 мың 237-ден артық дауыс жинайды.
АҚШ президенті Барак Обама бірнеше сағат бұрын Жапонияда "Үлкен жетілік" елдері саммитінде әлем елдері басшыларының Трампқа қатысты "абыржып отырғанына" негіз барын мәлімдеді. Обама мемлекет және үкімет басшылары Трамптың "жекелеген мәлімдемелерін қаншалықты шын қабылдайтынын білмейді, бірақ олардың ол мәлімдемелерге қатысты абыржып отырғанының өзіндік себебі бар". Обама Трамптың көптеген ұсыныстары оның "я әлемдегі көптеген жағдайдан бейхабар екенін, я оларға тәкаппар қарым-қатынасын көрсететінін" айтады.