Әзербайжан бүгін елдің басты мейрамдарының бірі – мемлекет тәуелсіздігін қалыпына келтіру мерекесін, яғни Республика күнін атап өтіп жатыр.
Әзербайжан 1918 жылға дейін Ресей империясы құрамында болған. 1917 жылғы қазан төңкерісінен соң ұлт зиялылары Әзербайжан демократиялық республикасы құрылғанын жариялады. Бұл Шығыс елдеріндегі алғашқы демократиялық республика еді. Жаңа республиканың туы, елтаңбасы мен әнұраны бекітіліп, парламенттік басқару түрі енгізілді.
1920 жылы 28 сәуірде Қызыл армия Бакуге кірген соң Әзербайжан демократиялық республикасы өмір сүруін тоқтатты.
1990 жылдан бастап Әзірбайжанда 28 мамыр – Республика күні мемлекеттік мейрам болып жарияланған.