Мәскеу Иранға шабуылдайтын қару сатудан бас тартты

Ресейдің С-300 зенит-зымыран кешені (Көрнекі сурет).

Ресей Тегеранның ресейлік танктер мен жойғыш ұшақтарға қызығушылық танытқанына қарамастан Иранға шабуыл жасайтын қару сатпайды. Бұл туралы ресейлік "Коммерсанть" басылымына берген сұхбатында "Ростех" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Чемезов айтты. Оның сөзінше, БҰҰ Қауіпсзідік кеңесі салған санкциялар Иранға мұндай қару сатуға тыйым салады.

Чемезов санкцияға ілікпейтін қару-жарақ, оның ішінде зымыраннан қорғаныс жүйесін жеткізу тоқтамайды. Мәскеу биылғы жылдың соңына дейін Иранға С-300 зенит-зымыран кешендерін туралы келісімді толық орындауға үміттеніп отыр. Бейресми ақпарат бойынша, Иранға бір миллиард долларға С-300ПМУ2 зенит-зымыран кешенінің төрт дивизоны жеткізіледі.

Сәуірде Тегеран ресейлік зенит-зымыран кешенінің алғашқы пратиясын алғанын растаған.

Мәскеу Иранға С-300 кешенін жеткізуді 2010 жылы БҰҰ Тегеранға қарсы санкциялар салған Батыс елдерінің қысымымен тоқтатқан еді. Бірақ 2015 жылы сәуірде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алдын ала келісім жасалған соң Ресей президенті Владимир Путин Иранға С-300 кешенін жеткізуге салынған тыйымды жойған.

Израиль Иранға С-300 кешенін беруге ашық қарсы.