АҚШ мемлекеттік департаменті терроризм туралы есебін жариялады

АҚШ мемлекеттік департаменті белгісі.

АҚШ мемлекеттік департаменті 2015 жылғы терроризммен күрес туралы жариялаған баяндамасында әлемдік құбылысқа қатысты талдау жасалып, статистикалық бағалау мәліметтері келтірілген.

Баяндамаға тіркелген Мэриленд штаты университетінде дайындалған статистикалық қосымша мәліметтер бойынша, 2015 жылы жасалған террористік актілердің жалпы саны 2014 жылғымен салыстырғанда 13 пайызға азайған. Негізінен Ирак, Пәкістан және Нигериядағы шабуылдар мен қаза болғандар санының кемуіне байланысты былтыр террорлық шабуылдар салдарынан мерт болғандардың жалпы саны 14 пайызға төмендеген. 2012 жылдан бері әлем бойынша террорлық актілер салдарынан болған адам қазасының жалпы көрсеткіші алғаш рет азайып отыр. Бірақ, сонымен бірге, арасында Ауғанстан, Бангладеш, Египет, Сирия және Түркия бар бірнеше елде 2015 жылы террорлық шабуылдардан мерт болғандардың жалпы саны көбейген.

2015 жылы 92 елде тіркелген террорлық актілердің 55 пайыздан астамы бес елде: Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан мен Нигерияда жасалған.