Сирияның ең ірі Алеппо қаласының тұрғындары мен әскери қимылдарға мониторинг жасайтын құқық қорғаушылар Ресей мен Сирия әскери авиациясы қарулы оппозиция бақылауындағы кварталдарға шабуыл жасағанын хабарлады.
5 маусымда Алеппо Алеппо мен оның маңайына 50-ге тарта әуе шабуылы болғанын есептеген. Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, 5 маусымда болған әуе шабуылдарынан кем дегенде 16 адам қаза тапқан.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, қаланың қарулы оппозиция бақылауындағы аудандарына жасалған әуе шабуылдарынан кем дегенде 32 адам мерт болған. Сирия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Алеппоның бірнеше ауданында "көтерілісшілер" шабуылынан 20 адам қаза тапқан.
Түркиямен шекарадан 50 километр қашықтықта орналасқан Алеппо қаласы екіге бөлінген. Қаланың бір бөлігін үкімет әскері, бір жағын қарулы оппозиция жасақтары бақылайды.