Ресей: Сирияда 6 маусымда әуе шабуылын жасаған жоқпыз

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей қорғаныс министрлігі ресейлік әскери ұшақтар 6 маусымда Сирияның шығысындағы Әл-Шаар қаласында базарға әуе шабуылын жасамағанын мәлімдеді. Әуе шабуылынан 17 бейбіт тұрғын, оынң ішінде жеті бала қаза тапқаны хабарланады. Әуе шабуылы мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының бірінші күні жасалып отыр.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, Әл-Шаар қаласындағы шабуылды ресейлік немесе Сирия үкімет күштерінің әскери ұшақтары жасаған. Ресей қорғаныс министрлігі бұл күні әскери әуе операциялары жасалмағанын айтады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия үкімет әскерінің Алеппоның кейбір аудандарына шабуылына әуеден "белсенді қолдау көрсетуге" уәде берді.