Күрес федерациясы Олимпиада құрамасын анықтады

Көрнекі сурет.

Қазақстан күрес федерациясы биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиаға күрес түрлері бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында кімдер қатысатынын жариялады деп хабарлайды sport.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, грек-рим күресі бойынша Алмат Кебіспаев (59 келі), Досжан Кәртіков (75 кг), Нұрмахан Тінәлиев (130 кг), еркін күрестен - Артас Сана (57 кг), Ғалымжан Өсербаев (74 кг), Аслан Кахидзе (86 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг), Дәулет Шабанбай (125 кг), ал әйелдер күресінен Жұлдыз Эшимова (48 кг), Екатерина Ларионова (63 кг), Эльмира Сыздықова (69 кг), Гузель Манюрова (75 кг) Қазақстан атынан олимпиадаға барады.

Күрес түрлерінен Олимпиада лицензиясы балуанға дербес берілмейтіндіктен, ұлттық құрама туралы түпкілікті шешім бапкерлердің жалпы жиналысында қабылданды деп хабарлайды күрес федерациясы.

Рио Олимпиадасында күрес түрлері бойынша жүлделер тамыздың 14-і мен 21-і аралығында сарапқа салынады.