Қазақстандық белгілі археолог, Есік қорғанынан "Алтын адамды" тапқандардың бірі Бекмұханбет Нұрмұханбетов 82 жасында дүние салды. Ұлы Мирас Нұрмұханбетовтің айтуынша, марқұм 12 маусым күні түнде Алматының жанындағы Есік қаласында қайтыс болған.
Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1969 жылы ғылыми жетекшісі, археолог Кемел Ақышевпен бірге Есік қаласында біздің заманымызға дейінгі 5-6 ғасырларға жататын сақ қорғанына қазба жұмыстарын жасап, алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапқан. Қорғаннан алтын киімді адаммен бірге төрт мыңнан астам алтыннан жасалған киімге тағатын әшекей табылған. Алтын адам Қазақстан тәуелсіздік алған соң азаттық символына айналды.
Мирас Нұрмұханбетов әкесімен қоштасу рәсімі ертең, 14 маусым күні Есік қаласында мұражайда өтетінін айтады.