Ресей президенті Владимир Путин ел қарулы күштерін кезектен тыс тексеруге тапсырма берді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу жоспардан тыс тексеру армияның әскери және мобилизациялық дайындығын бағалау үшін" керек екенін айтады. Ол сонымен қатар әскер "түрлі қарқындағы және дағдарыс жағдайындағы әскери қақтығыстарда" тапсырмаларды орындауға дайын болу керегін білдірді. Шойгудың сөзінше, әскер дайындығын тексеру 22 маусымға дейін созылады.
2014-2015 жылдары Ресей армиясы мен әскери техникаларын бірнеше рет шұғыл тексерген. 2015 жлы қыркүйекте "Центр-2015" деп аталған жаттығуға 100 мыңға тарта әскери қызметкер, жеті мыңнан астам қару-жарақ пен техника, 170 ұшақ пен 20 кеме қатысқан. Сонымен қатар Орталық, Оңтүстік және Батыс әскери округтерінде де әскери жаттығулар өткізілген.
Украина билігі мұндай әскери жаттығулардан соң шекарасында ресейлік әскерилер саны артып кететінін айтады. Батыс елдері Ресейде әскери жаттығулардың жиі өткізілгеніне алаңдайды.