Қамаудағы блогер Ермек Тайшыбековтің мүддесін қорғайтын тараздық адвокат Луиза Ташметова Азаттыққа Жоғарғы соттан өзінің Тайшыбековке қатысты кассациялық шағымын қараудан бас тарту туралы хат келгенін хабарлады. Хатқа Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы Қамбар Нұрышевтің адвокаттың Тайшыбековтің мүддесі тұрғысынан берген кассациялық шағымын қараудан бас тарту туралы қаулысы тіркелген.
Қаулыда Нұрышев адвокат Ташметованың Тайшыбековке шыққан үкімді қайта қарау туралы өтініші негізсіз екені айтылған. Судьяның пікірінше, бұған соттың Тайшыбековтің кінәсін дәлелдеу туралы сот үкімінде келтірген ұйғарымдары "сот отырысында толық және жан-жақты зерттелген айғақтарға негізделгені себеп.
"Ташметованың Тайшыбековтің заңсыз сотталғанына қатысты келтірген дәлелдері негізсіз, себебі оларды куәгерлердің сөздері, сот сараптамасының тұжырымдары терістейді" делінген Нұрышевтің қаулысында.
Тайшыбековтің ісіне қатысты "басты" куәгер және оған арыз жазған Ботагөз Исаеваның үстінен кейін "ұлтаралық араздықты өршіту" айыбы бойынша іс қозғалып, қазір ол Қазақстаннан сыртта жасырынып жүр.
Ресейшіл көзқарастарымен белгілі болған 38 блогер Ермек Тайшыбековті Қордай аудандық соты Facebook әлеуметітк желісіндегі жазбаларында әлеуметтік араздықты қоздырды деп тапқан. Тайшыбековтің өзі айыбын мойындаудан бас тартып, өзіне қарсы істің саяси астары бар деп санайды.
Тайшыбеков сот үкіміне апелляциялық шағымданбақ болғанымен, Жамбыл облыстық сотында жеңілген.