Тбилисиде есірткіге қарсы қатаң саясатқа наразылық акциясы өтті

Тбилиси аудандарының бірінің көрінісі. 16 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Грузия астанасының орталығында елдегі есірткіге қарсы қатаң саясатқа наразылық акциясы өтті деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі. «Ақ шу қозғалысы» ұйымдастырған қарсылық шарасына қатысушылар марихуанаға салынған тыйымды жойып, азаматтарға оны шамалы мөлшерде пайдалануға рұқсат беруді талап еткен.

Сонымен бірге акция барысында «адамның ар-намысына тиетін» «урино-тест» (зәр құрамы арқылы ағзада есірткі бар-жоғын анықтау – ред.) сынамасын және марихуана пайдаланғаны үшін салынатын айыппұл жазасын қолданыстан алып тастау туралы талаптар айтылған. Наразылар есірткіге тәуелді жандарды емдеу және бейімдеу үшін жағдай жасауды, сондай-ақ нашақорлық өсімін тежеуге бағытталған арнайы орталықтар құруға қаржы бөлуді талап еткен.