Жеңіс Қасымбек инвестиция және даму министрі болды

Астанадағы үкімет үйі. (Көрнекі сурет)

Инвестиция және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды деп хабарлады Қазақстан президентінің ресми сайты.

41 жастағы Жеңіс Қасымбек Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Үкіметте 2005 жылдан бері жұмыс істейтін Қасымбек бұған дейін бірнеше рет министр және вице-министрлік қызметтерді атқарған.

Инвестиция және даму министрлігін бұған дейін басқарып келген Әсет Исекешев бүгін Астана қаласының әкімі болып тағайындалған.