Астанада Ұлттық академиялық кітапханада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған "Тарихтан тағылым" деп аталатын халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Конференцияны Түркі академиясы халықаралық ұйымы, Қазақстан, Қырғызстан президенттерінің әкімшіліктері, "Мирас" қоғамдық қоры, екі ел тарихшыларының ассоциациясы ұйымдастырған.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Ресей, Қытайдан тарихшы, ғалымдар, ғылыми ұйымдардың басшылары қатысып жатыр.
Жиында Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен жалпы 20-ғасыр басындағы Орталық Азия халықтарында болған ұлт-азаттық көтерелістерге қатысты мәселелер талқыланады.
Конференция кезінде кітап көрмесі ұйымдастырылып, "Жетісу - Ыстық көл қасыреті: 1916-1920 жылдар" деп аталатын тарихи құжаттар мен материалдар жинағы таныстырылмақ.