Арменияда сапармен жүрген Рим папасы Франциск бүгін өткен ғасырдың басында жаппай өлтірілген армяндарға орнатылған «Цицернакаберд» мемориалдық кешенінде болды деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі. Папамен бірге мемориалға Армения президенті Серж Саргсян және барлық армяндар Католикосы екінші Гарегин де барған.
Понтифик геноцид құрбандарына арналған мемориал мен мәңгілік алауға гүл қойып, 1915 жылы Осман империясы тұсында жаппай қырғынға ұшырағандарды еске алып, құрмет білдірген.
Екі дінбасы армян геноциді құрбандарын еске алуға арналған мәңгілік алау басында дұға қылған. Осы рәсімнен соң Рим папасы Франциск, барлық армяндар Католикосы екінші Гарегин және Армения президенті армяндар геноциді музей-институтына барған.
Рим папасы Франциск «Цицернакаберд» маңындағы аллеяға жас шырша отырғызып, армяндар геноциді музей-институтындағы құрметті қонақтар кітабына естелік жазу қалдырған. Бұдан соң понтифик армян геноциды құрбандарының ұрпақтарымен кездескен.
Рим папасы «Цицернакаберд» мемориалдық кешенінде:
Your browser doesn’t support HTML5