БАҚ: АҚШ Ресейге Сирияда жаңа ынтымақтастық жоспарын ұсынды

АҚШ әскери-әуе күштерінің Алеппо провинциясындағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы шептерін бомбалап жатыр. Сирия, маусым 2016 жыл.

АҚШ Сирия дағдарысын Рсееймен бірлесіп шешудің жаңа тәсілін ұсынды. Washington Post басылымының хабарлауынша, ұсыныс Мәскеуге осы аптада жіберілген. Ұсыныста АҚШ "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Джабхат әл-Нусра" тобына қарсы операция бойынша ақпарат алмасып отыруға шақырады. Кремльдің Барак Обама әкімшілігінің саяси бағдарды түбегейлі өзгерту туралы ұсынысына жауап бергені, я бермегені әзірге белгісіз.

Ресейлік және америкалық әскерилер Сирияда бірдей операция жүргізіп жатыр. Вашингтон Мәскеуді Сирия президенті Башар Асадқа көмектесу үшін көтерілісшілердің шептерін бомбалап жатыр деп айыптайды.

Бұдан бірнеше апта бұрын ресейлік жойғыш ұшақтар АҚШ қолдайтын Сирия оппозициялық күштерін Вашингтонның қарсылығына қарамастан екі рет бомбалаған. АҚШ билігінің өкілдері жеке сұхбаттарда бомбалауды "өте күрделі оқиға" деп атады.