НАТО Ресеймен келіссөз жүргізуге ниетті

НАТО басшысы Йенс Столтенберг.

НАТО басшысы Йенс Столтенберг Польшадағы одақ саммиті біткен соң Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

НАТО кеңесі мен Ресей арасындағы соңғы кездесу биыл сәуірде өткен. Екі жылдан кейінгі кездесуде Украинаның шығысындағы жағдай талқыланған еді. Ал 2 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин НАТО-мен диалог құруға ықылас білдірген.

8-9 шілдеде Варшавада өтетін НАТО саммитінде Польша, Литва, Латвия және Эстония территориясына әскер орналастыру мәселесі талқылады.

Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украинаның шығысындағы жанжалға киліккен соң НАТО мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас қырғиқабақ соғысы кезеңінен бері болмаған деңгейге дейін нашарлап кеткен.