FBI: Хиллари Клинтонға қарсы іс қозғау туралы ұсыныс бермейміз

Хиллари Клинтон. Денвер штаты, АҚШ, 28 маусым 2016 жыл.

АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) бұрын мемлекеттік хатшы қызметінде болған тұста хат-хабар алмасқан кезде жеке поштасын пайдаланғаны үшін Хиллари Клинтонның үстінен қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс жасамайтынын мәлімдеді. Дегенмен, Клинтон ханым құпия ақпаратқа қатысты «асқан салақтық» танытқан деп мәлімдеген FBI директоры Джеймс Коми.

Өткен сенбі күні ФБР тергеушілерінің сұрақтарына жауап берген, биылғы АҚШ президенті сайлауына демократиялық партиядан ортақ кандидат болуға үміткер Хиллари Клинтон өзінің жеке поштасынан құпия хаттар жібермегенін айтады. Бірақ Коми, бір жыл бойы жүргізілген тергеу нәтижесінде, кемінде 110 хат жолданғаны және олардың қай уақытта жіберілгені де анықталғанын жариялаған.

«Біз бұл проблеманың шешілгеніне қуаныштымыз. Хатшы мәлімдегеніндей, ол жеке поштасын пайдаланып қателік жасағанын мойындайды және алдағы уақыта олай істемейтін болады» деп мәлімдеген Хиллари Клинтонның баспасөз хатшысы.

Бұл мәселе қазіргі кезде АҚШ-та қызу өтіп жатқан президенттік сайлау науқаны барысында көпшілік назарында ілінді. Республикалық партия бұл жайтты алға тартып, Хиллари Клинтонның байыптылығына күмән келтірген.