7 шілде кешкісін Бағдаттың солтүстігінде орналасқан Балад елді мекеніндегі шииттер мавзолейінде болған жарылыстан 20 адам мерт болып, 30 адам жарақаттанған.
Көлікке мінген жанкешті мавзолей қақпасының алдында өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыстан кейін бірнеше қаруланған адам мавзолей территориясына кіріп, іште жүрген адамдарды атқылаған.
«Ал-Арабия» арнасының мәлімдеуінше, полиция шабуылдаушыларды өлтірген.