АҚШ-тың Даллас штатында болған атыстан төрт полиция қызметкері қаза тауып, жетеуі жарақат алған. CNN арнасының хабарлауынша, қаруланған екі снайпер полицияға оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Даллас полициясы бір күдіктінің фотосуретін жариялаған. CNN фотодағы адам өз еркімен полиция бөлімшесіне келгенін хабарлады. Associated Press агенттігі полиция тағы бір күдіктіні ұстағаны туралы ақпарат таратты.
Қазір АҚШ-тың Даллас және басқа да ірі қалаларында полиция қызметкерлерінің қатігездігіне қарсы митинг өтіп жатыр. Шілденің басында полиция екі африкамерикалық Алтон Стерлинг пен Филандо Кастайланы атып тастаған еді.