Мерт болған журналистің отбасы Сирия билігін сотқа берді

Мэри Колвин.

2012 жылы Хомс қаласында қаза тапқан америкалық журналист Мэри Колвиннің отбасы Сирия президенті Башар Асадтың режимін сотқа берді. Олардың пайымдауынша, Сирия әскерилері журналистер жұмыс жасап жатқан жер төледегі медиа орталықты қасақана бомбалаған.

Колвин Сириядағы қалаларда бейбіт тұрғындар өлімі жайлы материалдар жазған. Ол британиялық Sunday Times газетінде жұмыс жасады.

Журналистің отбасы Сириядан қашып келген шенеуніктерден дәлелдер бар құжаттар алғанын мәлімдеп. шағымды Вашингтон аудандық сотына түсірген.