Лозаннадағы Спорттық арбитраж соты (CAS) ресейлік теннисші Мария Шарапованың аппеляциясын қыркүйекте қарайды. Осы шешімнен кейін Шарапова тамыз айында Риода өтетін олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен айырылды.
Осыған дейін Халықаралық теннис федерациясы Шарапованы допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттеткен. Кейін Шарапова ITF шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, аппеляцияға берген.
"Үлкен шлем" жарыстарының бес мәрте чемпионы Шарапова биыл қаңтарда допинг тесттен өте алмаған соң наурызда алдын ала жарыстан шығарылатыны туралы хабарлаған.
Шарапованың сөзінше, ол сол кезде Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік мельдонийді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған препараттар тізіміне қосқанын білмеген. Шарапованың адвокаты Джон Хаггерти теннисші мельдонийді оған тыйым салынған соң қабылдағанын айтты. Шарапованың айтуынша, мельдоний препаратын өзіне алғаш 2006 жылы жазып берген.