Ақтөбеде қамалғандардың ісімен процессуалдық прокурорлар айналысады

«Қарулы шабуылға күдіктілер» тұрғын Некрасов көшесі, 79 мекен-жайында орналасқан бесқабатты тұрғын үйдің подъезіндегі сынық терезе. Ақтөбе, 12 маусым 2016 жыл.

5 маусым Ақтөбеде болған оқиғаға байланысты айыпталған азаматтардың ісімен процессуалдық прокурорлар тобы айналысып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облыстық прокуратурасында өткен брифинг кезінде аға прокурор Амангүл Жұмағалиева хабарлады.

- Процессуалдық прокурорлар тобы оқиға болған жерлердіқарап, күдіктілер мен қарулы шабуылкуәгерлерінен жауап алуға қатысады, тергеушілерге нұсқау береді.Нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу сапасы жақсарады. Қылмыстық істі қарау уақыты қысқарады, -деді Амангүл Жұмағалиева.

Процессуалдық прокурорлар тобына төрт адам енген. Прокуратура Ақтөбедегі шабуылға қатысты тергеу жұмыстарының барлығы құпия сақталатынын мәлімдеді.

5 маусымда Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шабуыл жасағандардың "радикалдық діни топ өкілдері" болғанын және олардың "шетелден нұсқау алғанын" мәлімдеген.