Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасында 5 адамға операция жасалып жатыр

Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасы. 18 шілде 2016 жыл.

Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасында шабуыл кезінде жарақат алған бес адамға жедел операция жасалып жатыр. Бұл туралы ауруханада жүрген Азаттық тілшісі хабарлады.

Қазір жедел жәрдем ауруханасында күзет күшейтілген, маңында полиция көліктері тұр.

Алматыда бүгін түске белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасағаны хабарланған. Куәгерлердің айтуы бойынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Ресми ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері мен бір бейбіт тұрғын бар.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.