АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трамп егер президент болса Балтық елдеріне егер Ресей шабуыл жасаса бірден көмектесетінін айтады.
New York Times басылымына 20 шілдеде берген сұхбатында Трамп мұндай елдерге Ресей басқыншылығынан қорғануға көмектеспес бұрын олардың америкалықтар алдында «алдындағы міндеттемелерін орындаған, орындамағанына» талдау жасайтынын айтты.
Трамп бұған дейін НАТО-ға мүше кейбір елдердің альянсқа өздеріне тиісті түрде үлес қосқанына күмәнданып, Вашингтон НАТО-ға тым көп қаржы бөліп отырғанына шағымданған.
НАТО мүшесі шабуылға ұшыраған жағдайда оған көмек көрсетпеу альянстың Солтүстік Атлантика келісімінің 5-бабына қайшы келеді. Ол бойынша, НАТО құрамындағы кез-келген елге шабуыл тұтас альянсқа шабуыл деп саналады.
Трамп АҚШ одақтастары оның "ұстанымына бейімделетінін" және өзі қолданыстағы келісімнің күшінде қалғанын жөн көретінін айтты. Бірақ ол келісім АҚШ одақтастары Вашингтонның "өзгенің орнына ақша төлей салатын жомарттығынан" үнемі пайда көруді доғарған жағдайда ғана сақталуы мүмкін екенін білдірді. Трамптың сөзінше, АҚШ мұндай есепке ұзақ төзе алмайды.