Ақтөбе аэродромына әскери ұшақтар қонатыны хабарланды

Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде әскери ұшақтар жергілікті аэродромға қонбақ деп хабарлады Ақтөбе облыстық әкімдігі жанындағы «Ақтөбе-ақпарат» орталығы.

Талғат Бегелдинов атындағы әскери-әуе күштері әскери институтының бастығы Мұрат Қажымұратовтың айтуынша, Қазақстан Республикасының әскери әуе күштерінің транспорттық және жауынгерлік авиациясы Ресей Федерациясының аумағында «АРМИ 2016» халықаралық әскери ойындарына қатысады. Осыған байланысты жауынгерлік ұшақтар Ресей Федерациясына ұшу кезінде 2016 жылғы 20 және 26 шілде аралығында «Ақтөбе» аэродромына қонады.

Әкімдік халық арасында жалған ақпарат тарап, дүрлігіс туындамас үшін жергілікті тұрғындарды әскери ұшақтардың "Ақтөбе" аэродромы арқылы жоспарлы ұшатыны туралы хабардар етуді жөн көрген.