Әзербайжанда Бакуге жақын Ширван қаласындағы қару-жарақ зауытында болған жарылыстан екі адам қаза тапты. Әзербайжан қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің мәлімдеуінше, "Араз" зауытында болған жарылыстан зауыт қызметкерлері Агамир Мамедов пен Ильхам Нуриев мерт болған. 26 шілде күні жарылыс болған зауыт қорғаныс өнеркәсібі министрлігіне қарайды.
Кеше зауыттағы жарылыстан 20 адам жараланып ауруханаға түскені хабарланған. Зауыт территориясында шыққан өрттен соң қала мен оның айналасына жарылған снарядтардың үні естіліп тұрды. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс қару-жарақ қоймасында болған.
Жарылыс себебін анықтап, салдарын жою үшін мемлекеттік комиссия құрылды.