Түркия билігі жүзден астам жергілікті ақпарат құралы жабылатынын жариялады. CNN Turk-тің хабарлауынша, үш ақпарат агенттігі, 16 телеарна, отыз баспахана мен 40-тан астам басылым жұмысын тоқтатпақ.
Бірқатар ақпарат құралын жабу Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң енгізілген төтенше жағдаймен байланысты. Тыйым салынған кейбір ақпарат құралдары АҚШ-та тұратын діни жетекші Фетхулла Гүленмен байланысы бар делінетін Feza медиахолдингі құрамына кіреді. Түркия билігі Гүленді бүлікті жоспарлады деп айыптайды.
16 шілдеге қараған түні Түркияда әскерилердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, билік оны басып тастаған. Бүліккке қатысы бар, Гүленмен байланысты деген күдікпен бірнеше мың адам ұсталып, ондаған мың адам жұмысынан босатылған. Ресми Анкара АҚШ-тан Гүленді экстрадициялауды сұраған. Гүлен бүлікті айыптап, оған өзінің қатысы барын жоққа шығарады.