Меркель: Германия миграциялық саясатын өзгертпейді

Ангела Меркель, Германия канцлері.

Германия канцлері Ангела Меркель елдегі шабуылдарды қатаң айыптап, бірақ босқындарға қатысты саясатты өзгерту ұсыныстарын қабылдамай тастады. Журналистер алдында сөйлеген ол террористер Германияның "мұқтаж жандарды қабылдау" дайындығына ықпал еткісі келетінін айтты. "Олар мәдениеттер мен діндер арасынан жаулықты көреді. Біз әрине бұған қарсы шығамыз" деді Меркель.

Бір аптада Германияда төрт шабуыл болған. Ауғандық босқын пойызда жолаушыларға шабуыл жасады, Ираннан шыққан германиялық атыс жасады, бір сириялық босқын пышақпен шабуылдап, бір сириялық босқын өз-өзін жарып жіберді. Шабуылдардан барлығы 13 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Меркель шабуылдарды "естен тандырады және депрессияға ұшыратады" деп атағанымен, билік жағдайды бақылаудан шығармайтынын айтты. Үкіметті елге мигранттарды көптеп қабылдап жатыр деп жиі сынайды. 2015 жылы Германияға бір миллионға тарта адам келген. Олардың көпшілігі - Сирия, Ауғанстан және Ирактан шыққандар.