ОҚО-да мұнай өнімдері бар вагондар өртеніп жатыр

Your browser doesn’t support HTML5

ВИДЕО: Оңтүстіктегі «Мұнай» кәсіпорнындағы өрт

Шымкент қаласының түбінде Қарабұлақ елді мекеніне жақын жерде мұнай өнімдері бар вагондар өртеніп жатыр деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметкері.

Оның сөзінше, департаментке өрт туралы дабыл сағат 10:50-де түскен. "Өртті сөндіруге 95 өрт сөндіруші мен 20 техника жөнелтілді. Әзірге өрт аумағы, неден шықққаны туралы я басқадай ақпарат жоқ" деді кезекші қызметкер.