Тәжікстан бас прокуроры өлім жазасын қайта енгізуді қолдайды

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон.

Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон елде өлім жазасын қайта енгізуді қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол 4 тамызда Душанбеде өткен баспасөз-конференциясында айтты.

"Мен өлім жазасын енгізуді қолдаймын. Біздің өлім жазасына мораторий жариялағанымыз рас. Бірақ мен бас прокурор ретінде мұндай жазаны қолдаймын. Әсіресе оны аса ауыр қылмыс жасағандарға, оның ішінде бірнеше адамды өлтіргендерге, террорлық акт жасағандарға, мемлекетке қарсы қылмыс жасағандарға және түзелмейтіндерге қолданған дұрыс" деді Юсуф Рахмон.

Тәжікстан елде өлім жазасының қолданылуына 2004 жылы мораторий енгізген.