Савченко Донбаста антитеррорлық операцияны тоқтатуға шақырды

Украина Жоғарғы Радасының депутаты Надежда Савченко. Киев, 2 тамыз 2013 жыл.

Украина Жоғарғы Радасының депутаты, әскери ұшқыш Надежда Савченко бүгін Донбастағы әскери операцияны тоқтатуға шақырды. Украинаның "Эспрессо.TV" телеарнасының эфирінде сөйлеген Савченко "Біз антитеррорлық операция деп аталатын бұл бейберекетті ары қарай да соғысқа ұластырмай, барынша тез тоқтатуымыз керек" деді.

Савченко сонымен қатар елде әскери жағдай орнату туралы пікірталастың қауіпті екенін де айтты.

Надежда Савченко 3 тамызда биліктің Ресей мен Донбаста ресейшіл сепаратистер қолында тұтқында отырған украиналық әскерилерді босату мәселесінде әрекетсіздік танытып отырғанына наразылық танытып, аштық жариялаған. Ол Украина шығысындағы соғысты тоқтатуға қатысты жұмыстарды "нәтижесіз" деп атап, сепаратистер жетекшілерімен келіссөз жүргізу үшін қақтығыс аймағына баруға дайын екенін білдірген.