Сириядағы Манбидж қаласынан ИМ содырларын ығыстырды

Сириядағы Алеппо қаласы. 5 тамыз 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сириядағы қарулы оппозиция күштері Манбидж қаласын «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобынан азат етіп, қалаға бақылау орнатып жатқанын айтады.

Сириялық адам құқығының жағдайын бақылайтын орталықтың мәлімдеуінше, күрд және араб жасақтары қала кварталдарын сүзіп, исламшыл экстремистерді ол жерден ығыстырып шығарған.

Башар Асад режиміне оппозициядағы күрдтер мен арабтардың одақтас күштерінің бірлескен басшылығының өкілінің айтуынша, шайқастар жалғасып жатқанына қарамастан, Манбидж қаласы аумағының 90 пайызға жуығы жихадшылардан азат етілген.

Түркиямен шекарадан оңтүстікке қарай, жол айрықта орналасқан Манбидж қаласы екі жылдан астам уақыт бойы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қолында болған.