БҚО-да газ құю станциясындағы жарылыстан екінші адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысында Ақсай қаласындағы газ құю станциясының жарылуынан жараланған екінші адам қайтыс болды деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Флюра Саматова.

4 тамызда Ақсай қаласында "Алау" компаниясының газ құю станциясында сұйықтық құюға арналған цистерна жарылып, операттор отыратын нысан өртенген. Цистернада 20 текше метрге жуық газ болған.

Осы аптаның басында жарылыстан денесінің 75 пайызы күйген ер адам қайтыс болған.

Полиция мен станцияны жалға алып отырған "Криоген газ" компаниясы жарылыс себептерін тергеу аяқталғанша атамайды деп хабарлайды жергілікті "Мой город" ақпрааттық сайты.