ОҚО: 6 айда 157 әйел өз-өзіне қол салмақ болған

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың алты айында 157 әйел өз-өзіне қол салмақ болған деп хабарлады Азаттыққа облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Алма Серғазиева.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері әйелдер жасаған суицид оқиғаларына талдау жүргізген. Өз-өзіне қол салмақ болған 120 әйел тірі қалған, 37 оқиға қайғылы аяқталған дейді ол.

- Талдау нәтижесінде суицид жасаудың негізгі себептері анықталып отыр. Алғашқы себептері ретінде жүйкесі жұқару, жалғыздық, экономикалық және қаржылық қиындықтар мен жұмыссыздықты атай аламыз, - дейді аға инспектор.

Алма Серғазиев әйелдер арасында суицидтің ең көп таралған түрлері өз-өзін асу, өз-өзін тұншықтыру, тамырын кесу, биік ғимараттардан секіру, өз-өзін өрттеу, сірке суы мен психотроптық және күшті әсер ететін заттарымен улану екенін айтады.