Ғарышқа Жапонияның телекоммуникациялық спутнигін шығарған Falcon-9 зымыран тасығышы бүгін Атлант мұхитындағы жүзбелі платформаға сәтті қонған. Бұл туралы SpaceX компаниясы хабарлады.
Falcon-9 жексенбіге қараған түні АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ғарышқа ұшырылған.
АҚШ миллиардері Илон Масктің жекеменшік Space Exploration Technologies (немесе SpaceX) компаниясы жасаған Falcon-9 зымыран тасығышы көп рет пайдалануға арналған. Компания мұндай зымыран-тасығыштардың көмегімен ғарыш аппараттарын ұшыру құнын едәуір азайтуға болады деп санайды.