Мәскеу түбінде балтамен қаруланған екі адам полиция бекетіне шабуылдап, екі полиция қызметкері ауыр жараланды. Шабуылдан соң қарулы екі адамның көзі жойылды. Шабуыл Мәскеуден шығысқа қарай 20 километр қашықтықтағы Балашиха қаласында болған.
Биліктің мәліметінше, полиция қызметкерінен тапаншасын тартып алған қарулы адамның бірінің көзі оқиға орнында жойылған. Екінші адам қашып үлгергенімен, кейін қауіпсіздік күштері қызметкрелерімен атыста оққа ұшқан.
Полиция қарулы адамдардың Орталық Азия елдерінен шыққанын ғаана айтқанымен, олардың аты-жөнін және нақты қай елдің азаматтары екенін жарияламады.