Суреті әлемге тараған сириялық баланың ағасы алған жарақатынан көз жұмды

Жедел жәрдем көлігінде отырған бес жасар Омран Дакниш (сол жақта) пен оның әпкесі. Видеодан скриншот. Алеппо, 17 тамыз 2016 жыл.

Сириядағы Алеппо қаласындағы әуе шабуылынан кейін қан мен шаң-топырақ басқан бейнесі бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы дүние жүзіне тараған бес жасар Омран Дакништің ағасы Әли Дакниш алған жарақатынан көз жұмған. 17 тамызда Алеппоға жасалған әуе шабуылы кезінде жараланған 10 жастағы Әли, дәрігерлердің айтуынша, ішкі құрылысына қан кетіп қайтыс болған. Онымен бірге болған інісі Омранның жарақаты ауыр емес дейді дәрігерлер.

Осы айда Алеппо мен оның төңірегінде әуе шабулыдары мен шайқастар барысында 448 бейбіт адам қаза тапқан.

Ресей қорғаныс министрлігі Алепподағы Омран мен Әли Дакништер тұрған үйді бомбалауға өзінің қатысы жоқ екені туралы мәлімдеген. Министрліктің өкілі генерал Игорь Конашенков 19 тамызда жасаған мәлімдемесінде ресейлік әскери ұшақтар «бейбіт адамдар тұратын аудандарға ешқашан шабуылдамайды» деген.

Алайда Сириядағы ахуалға бақылау жүргізетін бірнеше топ Сирияның үкімет әскері мен ресейлік ұшақтар сириялық оппозиция мен исламшыл топтар бақылауындағы аудандарға әуеден соққы берген кезде бір-бірімен алмасқан көптеген ақпараттарды тіркеген. Әуе шабуылдары салдарынан жүздеген бейбіт адам қаза тауып, жараланған.

Сириялық еріктілер төтенше тобының өкілі Ибрагим әл-Хадждың айтуынша, бес жыл бойы жалғасып келе жатқан Сириядағы азамат соғысында Әли Дакништің қазасы әдеттегі көріністердің біріне жатады.

Әуе шабуылынан зардап шеккен Омран Дакниш туралы видео:

Your browser doesn’t support HTML5

Алеппоға әуе шабуылы