Ресейлік азаматтық белсенді Роман Рословцев Украинадан саяси баспана сұрады. Белсенді Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тарапынан қуғынға ұшырағандықтан өз отанында наразылық іс-әрекетін жалғастыруға мүмкіндігі жоғын айтады.
Бұған дейін Украинаның мемлекеттік шекара қызметі бүгін осы органға өзін «танымал жазушы әрі қоғам қайраткерімін» деп таныстырған ресейлік бір азамат босқын мәртебесін беруді сұрап өтініш айтқаны туралы хабарлаған. Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Олег Слободянның мәлімдеуінше, Украина көші-қон қызметі әлгі азаматтың өтінішін қанағаттандырған деп хабарлады ресейлік «Дождь» телеарнасы.
Бұған дейін Роман Рословцевті Мәскеудің орталығында бұқаралық шараларды өткізу тәртібін бірнеше қайта бұзғаны үшін жазаға тартатын заң бабына қарсылық білдіріп жалғыз адамдық акцияға шыққаны үшін талай рет полиция ұстаған. Наразылық акцияларына ол Ресей президенті Владимир Путиннің бейнесі салынған маска киіп шығатын.