Лола Каримова: Өзбекстан президенті инсульт алды

Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Өзбекстан президенті, екі күн бұрын "сырқаттанып ауруханаға түскені" хабарланған Ислам Каримовтың миына қан құйылған. Бұл туралы Каримовтың кіші қызы Лола-Каримова Facebook-тегі парақшасында. Оның айтуынша, қазір әкесінің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Лола Каримованың сөзіне қарағанда, Ислам Каримовтың миына қан өткен демалыс күндері құйылған.

"Сенбі күні таңертең миына қан құйылуына байланысты ол ауруханаға түсіп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қазір оның алдағы жағдйы қалай болатынына қатысты қандай да бір болжам жасауға ерте" деп жазды Каримова әкесі туралы.

Кеше мемлекеттік телеарнадан президент Каримовтың ауруханаға түскені туралы ресми түрде хабарланған. Бірақ президенттің сырқаты қандай екені айтылмаған еді. Ресми ақпаратқа сәйкес жергілікті дәрігерлер Каримовті "медициналық тексеруден өткізу мен емдеу шаралары біразға созылатынын" айтқан.

Бейресми дереккөздері Ташкентке шетелдік дәрігерлер келіп, Каримовтың резиденциясының маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтады.

Сарапшылар Өзбекстан тәуелсіздік алған 25 жылдан бері билік Каримовтың денсаулығы туралы ақпаратты бірінші рет көпшіліке жариялап отыр дейді.

Ислам Каримов 1 қыркүйекте Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараларда көп алдына шығады деп жоспарланған.