Бішкек соты бүгін оппозицияшыл белсенді Нұрлан Мотуевті терроризм айыбымен жеті жылға соттады. Қырғызстан жоғарғы соты 23 тамызда Мотуевті терроризмді қолдады, этникалық, нәсілдік және діни алауыздық тудыруға кінәлі деп тапқан.
46 жастағы Мотуев 13 мамырда - Бішкектегі оппозиция ұйымдастырған митингіге қатысқан күннің ертеңінде қамалған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол митингіде "Қырғызстанда шариғат заңын орнатуға" шақырған.
Мотуевке тағылған айыптар бойынша, ол митингіде сонымен бірге Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларына "қолдау білдірген".
Нұрлан Мотуев 2009 жылы президент сайлауына түсіп, бір пайыздан аз дауыс қана жинаған.
Мотуев 2012 жылы "Патриоттық қозғалыс" деп аталатын ұйым құрғанға дейін түрлі оппозицияшыл топтардың қызметіне араласқан. Ол құрған ұйым Қырғызстанның табиғи ресурстарын мемлекет меншігіне алуға шақырады.