ХОК: Пекин олимпиадасының 3 жүлдегері медальдарын қайтарады

Көрнекі сурет.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Пекин олимпиадасы кезінде алынған допинг сынамалары оң нәтиже берген спортшылардың жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

ХОК ресми сайтында жарияланған ақпаратта Пекин олимпидасында медаль алған ресейлік ауыр атлеттер Марина Шаинова (күміс, 58 кг) мен Надежда Евстюхина (қола, 75 кг), армениялық Тигран Мартиросянның (қола, 69 кг) Пекиндегі жүлдесін қайтаратыны жазылған.

Пекинде жеңіл атлетикадан Ресей эстафета құрамасы сапында күміс алған Татьяна Фирова да "медалін қайтаратын спортшылар" қатарына енген. Пекин олимпиадасында 4x400 метрлік эстафетада күміс иеленген Ресей құрамасы жүлдесін қайтарады.

ХОК ресми мәлімдемесінде Ресей мен Армения ұлттық олимпиада комитеттері "спортшылардың медаль мен дипломдарын тез арада қайтару мәселесін ұйымдастыруы керек" екенін ескерткен.

Пекин олимпиадасында алтын алған қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин мен күміс жүлдегер Ирина Некрасова және қола иеленген Мария Гробавецкаяның допинг сынамалары оң нәтиже берген. Оларға қатысты шешім әлі шыққан жоқ.